Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Павлодардағы балалар алаңында қараусыз қалған сәбидің оқиғасы жалғасын тапты

23 Қыркүйек 2015, 14:47
0
© newstes.ru
© newstes.ru

Павлодарда алты жасар қыздан оның ата-анасы бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицияға қаладағы өнеркәсіптік аймақтағы кәсіпорынның бірінің күзетшісінен хабар келіп түсті, ол қыз баланың ересектердің қарауынсыз жүргенін хабарлады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қыздың есімі Евгения екені анықталды, жасы алтыда. "Ол анасының оны жалғыз әжесінің үйіне жібергенін айтты, бірақ нақты мекенжайды атай алмады. Евгения трамвайға отырып, түсуі тиіс болған аялдамадан өтіп кеткен. Оның айтуынша, әкесінің есімі Алеша, ол өзі тұратын көше мен үйді атады, бірақ пәтердің номерін есіне түсіре алмады", - дейді ІІД өкілдері.

Кейін полицейлер қыздың ата-анасының кім екенін анықтады. Алты жасар қызға суреттер көрсетіліп, ол ата-анасын таныды. "Біз қыздың үйіне қоңырау шалдық, бір әйел жауап берді, ол дауыс көтеріп, қызын алып кетуден бас тартты. Әйел баласын алып кетуге бармайтынын айтып, телефонды қоя салды. Келесі қоңырауларға жауап берген жоқ. Осыдан кейін қыз бала кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына жіберілді, ол әлі де сол жерде. Ата-анасы оны алып кеткісі келмейді", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

ІІД мәліметінше, бұл отбасы полицияның есебінде тұр. Қыздың ата-анасы ішімдікпен әуестенеді. Қазіргі таңда оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда балалар алаңынан қараусыз қалған сәбидің табылғаны хабарланған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай