09 қазан 2014 18:46

Павлодарлық полицей абайсызда әріптесіне оқ тигізіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©topwar.ru ©topwar.ru

Павлодар полициясы әріптесін атып алған қызметкерге қатысты деректі жасырып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.


Павлодар полициясы әріптесін атып алған қызметкерге қатысты деректі жасырып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

"Павлодар қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль полициясы батальоны қызметкерлерінің бірінің немқұрайдылықтан екінші бір қызметкерді жамбасынан атып алғанын қылмыстық есепке алмаған", - деп хабарлады қала прокурорының көмекшісі Виталий Черепко. Оның айтуынша, полицей әріптесіне абайсыздықта оқ атып алған. 

"Тергеуалды тексеріс барысында батальон полицейлерінің бірінің екінші полицей отырған қару-жарақ бөлмесіне кіріп, ведомстволық бұйрықты бұзғаны анықталды, табельдік қаруды тапсыру кезінде ол абайсызда екінші полицейге оқ атып алады", - деді Черепко. Павлодар полициясы қылмыс құрамы жоқ деп есептеп, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

"Павлодар прокуратурасының материалдарды тексеруі кезінде тергеушінің бұл қаулысының күші жойылып, "Салақтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаны тергеуді ұйымдастыру үшін қылмыстық іс облыстық қаржы полициясы департаментіне жолданды", - деді Черепко. Ол қылмысты жасырғаны үшін Павлодар полициясының лауазымды тұлғаларына қатысты прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатынын айтты.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети