25 желтоқсан 2019 16:23

Павлодарлық полицей көпірде тұрған әйелді құтқарған сәтін видеоға түсіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық полицей көпірде тұрған әйелді құтқарған сәтін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық полицей көпірде тұрған әйелді құтқарған сәтін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының инспекторы Арман Жұмалинов оқиғаны бейне тіркеу құрылғысына түсіріп алған. Видеодан жұқа киінген әйел көпірдің шетінде тұрғанын байқауға болады. Оның жанында қардың үстінде киімі жатыр. Кадрдан тыс жерде оны тоқтатпақшы болған ер адамның дауысы естіледі. 

"Осыдан маған жақындап көрші", - деп әйел қорқытады, ал бір кезде жыламсыраған дауыспен былай өтінеді: "Итер мені".

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның түн жарымда "Ертіс" бақылау-өткізу пунктінде болғанын айтады. 

"Көпірден өтіп бара жатқан полицей сонда тұрған автокөлікті көріп қалады. Жақындай келе, ол суға секірмек болған әйелді көреді. Аяз болған, әйел кез келген уақытта секіріп кетуі мүмкін еді. Арман оны тосып қалып, көлікке отырғызған. Әйел қатты қамыққан екен", - делінген ведомство хабарламасында. 

Полиция мәліметінше, екі баланың анасы жолдасымен жанжалдасқаннан кейін көпірге барған. Сондай-ақ, осы көпірден секірмекші болған адамды құтқару жағдайы бірінші рет емес екен. Биыл сәуірде патрульдік полиция инспекторлары 32 жастағы үш баланың анасын құтқарып қалған. Күзде де осындай жағдай тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети