Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Павлодарлық полицейлер ұсталған адамды неліктен көліктің жүксалғышына салғанын түсіндірді

16 Наурыз 2016, 14:12
0

Павлодарлық полицейлер ер адамды көлік жүксалғышына салу оқиғасы бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеоролик 15 наурызда жарияланды. Полициядағылар бұл деректің 2015 жылдың қыркүйегінде болғанын және оған себептің болғанын түсіндірді. "Нақтырақ айтқанда, "Рубеж" бақылау-өткізу автопатрулінің кезекшілік атқарып жатқан қызметкерлері S 949 TZM номерлі күмәнді "ВАЗ-21099" көлігін көріп, оны тоқтату және тексеру бойынша шара жүргізді. Алайда бұл көліктің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын ескермей, үлкен жылдамдықта жасырынбақшы болды", - деп хабарлады өкірдегі ІІД өкілдері.

Қызметкерлер оны қуып, Ертіс өзенінің көпірінде тоқтатып алған. Ал кейін жүргізуші мен оның жолаушысы мас болған. "Барлығы құжатты тексеріп, мас күйде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырумен аяқталар еді. Алайда жолаушылардың бірінің тәртібі дұрыс болмай, жедел әрекет ету арнайы жасағы сол арада әрекет етті. Бастапқыда ол өз қауіпсіздігін ойламай, жолдың қарсы бағытына жүгіріп шықты. Түн болса да жолда қозғалыс белсенді болды, бір уақытта ол шеткі қоршауға қарай бет алды, ол көпірден құлап кетер еді. Жолаушының ақыл-ойсыз әрекетін дереу арада тоқтату мақсатында жасақ қызметкерлерінің ер адамды жақын тұрған қауіпсіз жерге апарудан басқа амалы қалмады, оның мақсаты бірінші кезекте өмірі мен денсаулығын сақтап қалу болды. Сол уақытта ең жақын әрі қауіпсіз жер "ВАЗ" автомашинасының жүксалғышы болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер. 

ІІД жауабында күш құрылымдарының қызметкерлерінің міндетіне бірінші кезекте полицияның өзге қызметкерлеріне қорған болу екендігі айтылады. Ер адам сабасына түскеннен кейін ол көлік салонына отырғызылды.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерінің әрекетінің заңдылығын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың ақыл-ойға қонымдылығына, болған оқиға жағдайына дереу берілген бағаның, оның ішінде полицейлер мен айналасындағылардың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатердің деңгейін анықтауға әділ баға беріледі. Егер полицейлердің әрекетінен заңсыздық табылса, тәртіптік комиссия сәйкес шешім қабылдайды", - деп хабарлады полициядағылар.

Ал жүргізушіге келсек, лған қатысты көлік құралын алкоголь ішімдігіне мас күйде тізгінге отыруы бойынша әкімшілік өндіріс басталды және ол қарастыруға сотқа жолданды. Бірақ заңбұзушының сотқа себепсіз келмей қоюына байланысты, материалдар қайтадан полицияға жолданды. Жүргізуші Астанадан табылды. Автомашина айып тұрағына қойылды. 

"Бұл оқиғаға қатысушылардың барлығы, оның ішінде жолаушы да анықталып, жүргізушінің де, оның досының әрекетінің заңға қайшы екенін растады, Олар жағдайды ұққаннан кейін полицейлердің әрекетіне қатысты шағым түсіруден бас тартты, себебі оларға ешқандай да қарсылығы жоқ", - деді полициядағылар.

Айта кетейік, бұл оқиғаның тергеуіне прокуратура да қосылып отыр. "Бұл деректі прокуратура "Қызметтік өкілін асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркеді, тергеу Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы департаментіне тапсырылды", - деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай