26 қаңтар 2015 19:57

Петропавл тұрғыны үстіне байқаусызда жанармай төккеннен кейін өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Drive8.ru ©Drive8.ru

Петропавлда автокөлігіне жанармай құйып тұрған 43 жастағы ер адам оны абайсызда өз үстіне төгіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Петропавлда автокөлігіне жанармай құйып тұрған 43 жастағы ер адам оны абайсызда өз үстіне төгіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға ер адамның үйінің ауласында болды, ол өзінің автомобиліне жанармай құйғысы келген. Құтқарушылардың мәліметінше, ер адам сыртқы киімін шешіп жатқан кезде от шыққан. "Ол жанармайдың буы киімдегі статикалық электр ұшқынынан от шығып, термикалық күйік алды. Ер адам қалалық ауруханаға ауыр жағдайда түсті", - деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсан айында ер адам Алматыдағы "ТигроХауд" сауда үйінде өзін-өзі өртемек болды. Ол сауда үйінің соңғы қабатында орналасқан бір кеңсесіне кіріп, қамалып алады. Бұдан кейін ол өзінің үстіне, айналасына жанармай шашқан. Бұл іске не үшін барғанын ер адам айтудан бас тартты.   

Ал оның алдында Қарағандыда 55 жастағы ер адамның өзін-өзі өртегені хабарланды. Оқиға 2013 жылдың шілде айында таңғы уақытта болды. Куәгерлердің айтуынша, суицид жасауының алдында ер адам өз үстіне жанармай шашып, оны ішкен. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам оның үстінен өзі жұмыс істеген ЖШС аумағынан газ баллондарын ұрлағаны бойынша дерекпен қылмыстық іс қозғалғандықтан бұл іске барған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети