20 желтоқсан 2016 17:24

Петропавлда 15 миллион теңгеге салынған хоккей корты қирап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда хоккей корты опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Зардап шеккендер жоқ. ТЖ кезінде нысан ішінде ешкім болмаған. 


Петропавлда хоккей корты опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Зардап шеккендер жоқ. ТЖ кезінде нысан ішінде ешкім болмаған. 

Петропавлдағы алғашқы жабық хоккей корты 2014 жылы пайдалануға берілген. Әр күні бұл жерде елуге жуық адам коньки тебетін. Төтенше жағдай 20 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында болған.

"Бірдеңе гүрс етті, төбедегі қарды түсіріп жатыр деп ойладым. Терезеден қарасам ғимарат опырылыпты. Ең алғаш ішінде балалар қалып қойды деп ойладым!", - дейді жергілікті тұрғын Елизавета Конопелькина.

Абырой болғанда, оқиға кезінде ғимарат ішінде ешкім болмаған. Ол жерден соңғы болып вахтада отыратын әйел түскі үзіліске шыққан. Қазіргі кезде болған жайттың мән-жайы анықталып жатыр. 

"Бұл кортты ашып берген фирма Қазақстан бойынша 15 нысан салған және мұндай болмаған. Не болғанын комиссия анықтайды, мердігер шақыртылды. Осындай корт салу жұмыстары "Қарасай" мен "Жастар" стадиондарында жүріп жатыр. Қазір жағдай анықталғанша "Қарасайдағы" құрылыс тоқтатылды", - дейді Петропавлдың дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі.

Мердігердің кінәсі анықталған жағдайда ол нысанды өз есебінен қалпына келтіреді. Нысанды тұрғызуға жеке инвестиция құйылып, 15 миллион теңге жұмсалған еді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети