05 қазан 2017 11:03

Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлда асфальт опырылып, екі көлік жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Мира мен Крепостная көшелерінің қиылысында болған. Қала әкімдігінің өкілдері оқиға орнында жылу жолы жарылғанын хабарлады. 

"Мира мен Крепостная көшелерінің қиылысында жерасты жылу жолы жарылып, оның салдарынан топырақ опырылған. Опырылған жерге көлік түсіп кетті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Петропавл әкімдігінің өкілдері. 

Полицияның мәліметінше, жол ортасында жер астына екі көлік түсіп кеткен. "Бір көлік өз бетімен шыға алды, екіншісі арнайы техниканың көмегімен көтерілді. Ешкім қаза таппады. Қалалық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды, жол қозғалысын реттеді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері.

Оқиға орнында "Петропавл жылу желілері" ЖШС мамандары апат-жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал үйлерді жылумен қамту шұғыл түрде басқа жылу магистраліне ауыстырылған.  

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеоның кадрларында жер астына түсіп кеткен көліктің жүргізушісіне куәгерлердің көмектесіп жатқанын көруге болады.


© vk.com / ЧП / ДТП / Петропавловск

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети