05 шілде 2018 12:50

Петропавлда екі жүк көлігі дамбадағы бекеттің ғимаратын қиратып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Петропавлда дамбада екі жүк көлігі соғысып, операторлық бекеттің ғимаратын қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.


Петропавлда дамбада екі жүк көлігі соғысып, операторлық бекеттің ғимаратын қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Видео кадрларынан екі көліктің ғимаратты қиратып кеткені көрінеді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік кептелісі пайда болған.

"КамАз ба немесе бензин тасымалдаған көлік пе бекеттің ғимаратын қиратып кетті. Онда ешкімді кіргізбей жатыр. Газ тасымалдаушы көліктің кабинасы ұшып кеткен. Ал КамАз ғимаратқа барып соғылған", - дейді видео авторы.

СҚО ІІД өкілдері оқиғаның таңғы сағат 10-да "Қазсушар" РМП-да болғанын айтады. Екі жүк көлігі - Shacman мен Renault соғысып, нәтижесінде операторлық бекеттің ғимаратына барып соғылған. Екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілді.

"Қазіргі уақытта жол апаты болған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Арнайы қызметтегілер осы учаскені қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды жүргізіп жатыр", - деп хабарлады СҚО ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети