09 қаңтар 2020 | 11:57

Петропавлда матрацпен сырғанаған пранкерлер ұсталды

видеодан үзінді

Петропавл көшелерінде үрмелі матрацпен сырғанаған пранкерлер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавл көшелерінде үрмелі матрацпен сырғанаған пранкерлер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, 7 қаңтарда әлеуметтік желіде пранк видеосы жарияланған. Онда бір топ жігіттің көлікке байланған матрацпен орталық көшелерде сырғанап жүргені түсірілген. Видеода әуен қойылған, түрлі-түсті түтін шығаратын шашкалар қолданылған, былапыт сөздер айтылады. 

Реклама
Реклама

"Видеодағы жігіттер - қаланың 19-20 жастағы тұрғындары. Олар еш жерде жұмыс істемейді. Олардың біреуі жақында Ресейден келген. Жүргізуші Петропавл қаласының 1987 жылғы тұрғыны. Ол осындай трюкқа қуана келіскен. Жастар "хайп жасап, адреналин алғысы келен" және әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдыруды ойлаған. Мұндай әзілдің адам өмірі үшін қауіпті екені олардың ойына кіріп те шықпаған", - дейді Петропавл ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Әлібек Ғабдуллин. 

Оның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") және 593-бабы ("Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау") бойынша материалдар жинақталып, сотқа жіберілген. 

Пранкерлер Кирилл мен Тимур камера алдында әлеуметтік желі қолданушыларынан кешірім сұрап, өздерінің әрекетін басқалар қайталамауын сұраған. 

 

Айта кетейік, былтыр Солтүстік Қазақстан облысында жолда 30 адам қаза тапқан. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная