10 мамыр 2017 09:35

Петропавлда полиция көлігі 9 жастағы баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Петропавлда полиция көлігі 9 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы болған сәтте түсірілген видео Интернетте пайда болды. Видеотіркеу құрылғысы жазып алған көріністе полиция автомобилі оңға қарай бұрылғаны бейнеленген. Осы сәтте жол бойына велосипед мінген бала шыққан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, көлік баланы қағып кеткен. Осыдан кейін, баланың жанына полицейлер мен жаяу жүргіншілер жақындаған. 

"Сағат 19.25. Ұлымыз бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан, патрульдік көлік қағып кетті. Баланың омыртқасы зақымдалып, бүйрегінен соққы алған, көптеген жері ісіп, ауруханаға жеткізілді. Осы күнге дейін өздігінен отырып, жүре алмайды. Қатты қорқып қалған. Баламызды қаққан адамдар жазадан құтылып кеткісі келіп, барлық амалды жасап жатыр. Істі жаппақшы да болды. Біз кінәлілердің жазадан құтылып кететініне қатты алаңдаулымыз", - деді баланың әкесі Әділ Шарипов. 

Жергілікті полиция қызметіндегілер осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын мәлімдеді. "Оқиға 29 сәуірде Мир - К. Сутюшев көшелерінің қиылысында болған. Жол-көлік оқиғасы дерегі Бірыңғай реестрге ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу барысында қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік жүргізушісі облыстық наркологиялық диспансерде тексеруден өтті, сау екені анықталды", - деді СҚО Ішкі істер департаментінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети