08 қаңтар 2019 12:09

Полицей емес - ПД өкілдері әл-Фараби даңғылында ірі жол апатын жасаған адам жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апатына кінәлі болған жол талғамайтын көлік жүргізушісі полиция қызметкері емес. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды, - деп Тengrinews.kz тілшісі.


Әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апатына кінәлі болған жол талғамайтын көлік жүргізушісі полиция қызметкері емес. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды, - деп Тengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Алматыда 8 қаңтарға қараған түні әл-Фараби - Жароков жол айырығында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі әл-Фарабимен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Оның жүргізушісі алдымен BMW седанды соғып, сол жақтағы ең шеткі жолаққа ұшып кетті, ол жерде Mazda жеңіл автокөлігімен соқтығысты. Осыдан кейін Land Cruiser жолдағы қоршаулар мен көшедегі жарықтандыру бағаналарына соғылып, аударылып қалған. Автокөліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алматы полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғалған.

"Осы іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, кінәлі адамға қатысты заңға сәйкес шара қолданылатын болады. Айта кетейік, жол апаты салдарынан жол талғамайтын көліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол ішкі істер органы қызметкері емес", - деді полиция өкілдері. 


© "Территория происшествий"

Осыған дейін, Facebook қолданушысы Андрей Андреев өз парақшасында оқиғаның суреттері мен видеосын жариялады. Оның айтуынша, автокөліктің артқы орындығында "жолполдың желеткесі", ал еденінде "камералардың тізімі жазылған құжаттар шашылып жатыпты".

"Барлығы да болжам, нақты демей-ақ қояйын, өздеріңіз білесіздер, кейін бір нәрсе өзгеріп жатса кінәлі болғым келмейді", - деп жазды ол.


© facebook/Андрей Андреев

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети