Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Полицей жасаған жол апаты Атырау тұрғындарын ашуландырды

26 Желтоқсан 2014, 08:37
0
©Youtube ресурсындағы видеодан алынған кадр
©Youtube ресурсындағы видеодан алынған кадр

Полицей жасаған жол апаты Атырау тұрғындарын ашуландырды. Полиция қызметкері қызметтік көлігімен екі адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасын бір куәгер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды КТК.

Ал Атырау облысы ішкі істер департаментінің өкілдері мұндай жағдайдың болмағанын мәлімдеді. Жол-көлік оқиғалары жазылатын хаттамалардың ешқайсысында бұл жағдай тіркелмеген. Бірақ қала тұрғындарының ашуы мен көп мәрте телефон соғуынан кейін жол апаты туралы ақпарат расталды.

Жол-көлік оқиғасы 1 желтоқсанда "Лимон" сауда үйінің маңында Привокзальный тұрғын үй массивінде болғаны анықталды. "Ақ жайық" басылымы Атырау ішкі істер басқармасының жол-патруль қызметі батальонының полицейі Нығметовтың көктайғақ жолдан көлікті тоқтата алмай қалып, бір әйел және бір қызды қағып кеткенін хабарлады. Полиция қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал зардап шеккендер шағым айтудан және сараптамадан өтуден бас тартты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай