17 маусым 2015 10:29

Полицейді бетінен теуіп, "мусор" деп атаған жігіт үш жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 112.ua © 112.ua

Ішімдікке сылқия тойып алған Зырян тұрғыны дәмханаға келушілер мен полицейлердің алдында "қойылым" қойды, - деп хабарлайды, - YK-news.kz.


Ішімдікке сылқия тойып алған Зырян тұрғыны дәмханаға келушілер мен полицейлердің алдында "қойылым" қойды, - деп хабарлайды, - YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, 21 жастағы жігіт Өскемендегі дәмханаға кешкілік қызымен кездесуге бармақшы болған. Алайда жолай досымен кездесіп қалып, гараж жанында бір шөлмек арақты бөлісіп ішіпті. Соңынан мас күйінде дәмханаға барып, сүйіктісінің жоқ екенін көрген ол, қатта ашуланған.

"Ол бармен қызды айыптап, сүйіктімді екінші қабатқа жасырдың деп балағаттай бастады. Бармен қыз оның сүйіктісінің туысы екені анықталды. Мас жігіт бармен қыздың басынан бір шөлмек арақпен ұрды. Дәмхана қызметкерлері полиция шақырып, олар мас жігітті қызметтік көлікке отырғызуға тырысты, алайда ол тәртіп сақшыларының бірінің бетінен тепті", - делінген жарияланымда.

Порталдың мәліметінше, мас жігіт полицейлермен төбелесіп, балағаттап, оларды "мусор" деп атай бастаған. Алайда тәртіп сақшылары жас жігіт өз-өзіне келген сәтте оны босатып, туыстарына тапсырған. Бірақ ол бұзақылығын қоймай, басын асфальтқа ұрып, жарды. Полицейлердің бірі жедел жәрдем шақырды.

Айта кетейік, жас жігіт сотта бұл қылығын былай деп түсіндірді: ішімдік ішіп, кездесуге бардым, көзімді ашсам, ауруханада жатырмын. Аудандық соттың үкімімен жас жігіт үш жылға шартты түрде сотталды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети