Полицейлер Алматыда көшені қоршауға алды: ІІД жағдайды түсіндірді 11 сәуір 2018, 15:51

Алматы ІІД өкілдері Түркмен көшесі, 36 мекенжайы бойынша неліктен қоршауға алынғанын түсінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тұрғындар полицияға хабарласып, күмәнді заттың тұрғанын айтқан. Бұл үйде күнделікті тұрмыста қолданылатын зат болып шықты. Ол зат қауіпті емес", - деді полицейлер.
ІІД мәліметінше, барлық қажетті шаралар жүргізілген, қоршауға алу алынып тасталған.