Полицейлер Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы студент Арман Нұржанұлын қалай іздеп тапқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлер Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы студент Арман Нұржанұлын қалай іздеп тапқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арман Нұржанұлы туыстары мен полиция іздеп жатқанда Шымкентте тұрып келіпті. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері бұл деректі жаңа технологиялар арқылы анықтаған. Сөйтіп, Алматыдан Шымкентке жедел топ аттанған.
"Жігіттің қайда түнеп жүрген жері анықталды. Ол әрдайым түнейтін жерін ауыстырып отырған. Кеше ер адамды алматылық полицейлердің бағыттамасы бойынша қала тұрғындары тапқан. Шымкент қалалық полициясының қызметкерлері оны әл-Фараби аудандық ІІБ-ге жеткізді. Ата-анасына хабар берілді, олар Шымкентке ұшып баруға дайын", - деді Әзірбек.
"Дене жарақаты жоқ. Ата-анасы Алматыға келгеннен кейін түсінік бергелі отыр", - деді ІІД ресми өкілі. Айтуынша, Алматыдан барған жедел топ өкілдері Шымкентте екі апта уақыт болған.
Еске сала кетейік, 22 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны жайлы 6 маусымда хабарланған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Арман Нұржанұлы 1 маусымда үйінен кетіп, сол күйі оралмаған.
Ал бүгін, Алматы мәслихатының депутаты, қоғам қайраткері Константин Авершин оның табылғанын хабарлады. "Арман Нұржанұлы табылды! Аман-есен. Есте сақтау қабілетіне байланысты проблемалар бар", - деп жазды Авершин жігітті іздестіруге ат салысқан адамдарға алғыс айта отырып.