13 желтоқсан 2016 09:49

Полицейлер "Таугүл" ықшамауданында ұстау шарасы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы қалалық ІІД өкілдері "Таугүл" ықшамауданында BMW жолаушысын ұстау шарасы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық ІІД өкілдері "Таугүл" ықшамауданында BMW жолаушысын ұстау шарасы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөйтсек, 12 желтоқсанда 23.09-да "Буран-085" жол-патрульдік полициясының экипажы Науаи мен Тоқтабаев көшелерінің қиылысында BMW жүргізушісінің жол-қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтаған. Көлік иесі ереже бұзбағанын айтқан. Маневр жасау ережесін бұзды делінген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

"Әкімшілік өндірісті толтыру кезінде BMW жолаушысы, 1987 жылғы азамат мас күйде жерге жатып алып, айғайлай бастаған, сөйтіп, өзіне көшедегілердің назарын аударған. Ер адам полицейлердің ескертуі мен өтінішіне құлақ аспаған. Нәтижесінде полицейлер оны қызметтік көлікке отырғызып, аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді, онда оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп түсіндірді ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети