24 ақпан 2017 14:34

Полицейлерден соққы көрдім деген алматылықтың ісі: ІІБ қызметкерлерінің әрекетінде заңбұзушылық жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Ішкі істер департаменті 27 жастағы Расул Ужурхановқа қатысты тергеуді аяқтады. Мұның алдында Ужурханов өзін полицейлердің ұрып-соққанына арызданған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Ішкі істер департаменті 27 жастағы Расул Ужурхановқа қатысты тергеуді аяқтады. Мұның алдында Ужурханов өзін полицейлердің ұрып-соққанына арызданған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері әрекеті заңға қайшы болмағаны анықталды. 

Арызданған жігіттің әкесі Богдан Ужурхановтың сөзінше, жақында оларға шақырту келген. Шақыртуда оның ұлына қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы "Билік өкіліне бағынбау" бойынша соталды тергеудің басталғаны жазылған. Бұл баптың 1-тарауы бойынша билік өкілінің талабына бағынбағаны үшін 100 АЕК түрінде айыппұл салынады, осы сомадағы түзеу жұмыстарына, не 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады, не 45 тәулікке қамалады. 

"Жергілікті полиция қызметі Сіздің Қарасай аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлеріне қатысты арызыңызды қарады. Айтылған деректер бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің әрекетінен ешқандай заңбұзушылық табылмады. Сонымен қатар, Қарасай аудандық ІІБ сіздің ұлыңызға қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Сіз прокуратура органдарына арыздануға құқылысыз", - делінген шақыртуда. 

Еске салайық, мұның алдында Расул Ужурханов оқиғаның 2017 жылдың 14 қаңтарында шамамен 14.00-де болғанын айтқан. "Біз аялдамада үйге Әйтей ауылына қайту үшін автобусты күтіп тұрдық. Содан бізге "Жигули" жақындады. Қарапайым көлік. Кейін олар мені спортзалда ұра бастады. Себебі мен хаттамаға қол қоюдан бас тарттым. Олар маған "мас күйінде көлік жүргіздің" деп айыппұл салмақшы болды. Сосын мені ауруханаға апарды. Куәландыруға апарыпты. Бірақ мен басымнан, бетімнен қан ағып жатқандықтан, бас тарттым. Мен басқа дәрігерден көмек алуды, кейін куәландыруға баруды сұрадым. Бірақ олар мені күштеп, ауруханаға апарды", - деді алматылық.

Содан кейін полицейлер оны аудандық ІІБ-ге апарған. Онда кабинеттердің бірінде отырған бірнеше полицей оған құқық қорғау органдарына еш шағымы жоқ екендігі жайлы өтініш жаздыртпақшы болған. Расулдың айтуынша, бірнеше уақыттан соң сол жерге оның ата-анасы келген.

"Маған осы өтінішке қол қоюға тура келді. Ата-анам жағдайымды көргенде қатты қорқып кетті. Мен оларға шағымданудан бас тартқанымды және барлығы аяқталғанын айттым. Содан біз үйге қайттық, бірақ үйге барар жолда менің басым одан қатты ісіп кетіп, жүрегім айнып, есімнен танып қалдым. Дәрігерлер миымның шайқалғанын айтты", - деді Расул.

Ал жігіттің әкесі жақын арада аудандық ІІБ-не арыз жазбақшы екенін айтқан.

"Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері 14 қаңтарда Ужурхановтың қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін ұсталғанын растады. Оның алкоголь ішімдік ішкенін медициналық куәландыру растады. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған Ужурханов орта дәрежеде мас болған. Билік өкілдеріне бағынбау дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Ужурхановтың жарақаттармен Қарасай аудандық ауруханасына түскені ресми түрде тіркелген", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети