Полицеймен ерегескен BMW жүргізушісіне қатысты тың деректер пайда болды

18 Қаңтар 2018, 13:37
0
Полицеймен ерегескен BMW жүргізушісіне қатысты тың деректер пайда болды -

Алматыда ақылы тұрақ маңында полицеймен жанжалдасқан BMW X5 жүргізушісіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы "Алаяқтық" бабы бойынша. Алматы ішкі қауіпсіздік басқармасы Қырғызстан азаматынан осы көлікті сату кезінде 10 мың АҚШ долларын бермегені туралы арыз түсіргенін мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Еске салайық, оқиға Алматының Медеу ауданында түске дейінгі уақытта болған еді. Жол-патрульдік полиция қызметкері Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында BMW X5 жүргізушісін көлікті тұраққа қою ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпақшы болған. Осы кезде жүргізуші қарсылық көрсеткен болатын. 

" М.М.Осмонов берген арыз бойынша іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша бірыңғай реестрге тіркелді. Тергеу ісімен Алматы ІІД тергеу басқармасы айналысады. Соның барысында 2015 жылғы келісімнен бастап өрбіген осы көліктің тағдырын анықтайды. Тағы бір қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы ("Билік өкілін қорлау") бойынша бөлек жүргізіледі", - деді Әзірбек. 

Бішкек қаласының тұрғыны Мұрат Осмонов Tengrinews.kz тілшісіне 2015 жылы 27 шілдеде BMW X5 автокөлігін қазіргі иесіне келісімді толық аяқтау үшін екі айға сенімхатпен сатқанын айтып берді. Осмонов қолына көлік құнының жартысын -10 мың АҚШ долларын алған, ал қалған сома 2017 жылдың 27 қазанына дейін беріледі деп келіскен. 

"Сол кездері көлікте тезірек сату керек болды. Ресми дилер орталығында біз тиянақты жөндеуден өткіздік. Шамамен 2 мың АҚШ долларын жұмсадық. Германиядан алып келген 2006 жылғы автомобильдің құны 20 мың АҚШ доллар болды. Ол (аты-жөнін айтады - авт. сөзі) еш қиналған жоқ. Маған қазір 10 мың долларын беріп, ал қалғанын кейін беретінін айтты. Мен сенімхатты өзіне және әйеліне жазып бердім. Оның әйелі Виктория маған қолхат жазып берді. Олар қайтып кетті. Содан кейін олар маған екі-үш рет қоңырау шалды. Кейін ол маған қиындықтар болып жатқанын - өрт болғанын, тағысын тағы бірдемелерді жазды. Осылайша жоқ болып кетті", - деді Осмонов. 


Суретті Мұрат Осмонов жіберді

2016 жылы ер адам Алматыға келіп сатып алушыларға арыз берген, алайда еш нәтиже шығара алмаған. Сот мәліметінше, келісімнің заңды күші жоқ. Сондай-ақ Осмоновтың айтуынша, көліктің жаңа иесі мемлекеттік тіркеуін қазақстандық етіп тіркеп алған. 

"Мен көлігімнен айырылып, ақшадан да қағылғанымды ойлап еліме қайттым. Кейін бұл істі жауып қойдым. Ал қазір осы бір видеоны Қазнеттен көріп, оның дөрекілік танытқанын көрдім. Ол қандай да бір жазаға тартылуы тиіс деп ойлаймын", - деді қырғызстандық. 

Еске салайық, желіде BMW X5 көлігінің жүргізушісі полицеймен жанжалдасып, ерегескен видеосы Желіде тарады.  

Еске салайық, полиция мәліметінше, 2008 жылдан бері бүгінге дейін 42 рет жол ережесін бұзған заңбұзушылықтардың ішінде 18 айыппұл төленбеген. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай