16 қаңтар 2018 | 13:00

Полицеймен ерегескен BMW X5 жүргізушісі кешірім сұрап тынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Полицейге тіл тигізгені үшін жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Полицейге тіл тигізгені үшін жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, оқиға Алматының Медеу ауданында түске дейінгі уақытта болған еді. Жол-патрульдік полиция қызметкері Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында BMW X5 жүргізушісінің көлікті тұраққа қою ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпақшы болған кезде жүргізуші қарсылық көрсеткен болатын. 

"Полицейдің заңды түрде жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын сұраған уақытында жүргізуші аса дөрекі түрде қарсылық білдірді: ол бейәдеп сөздер айтып, қорқытумен әлек болды. Оның әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының ("Билік өкілін қорлау") салдары бар. 1985 жылғы азамат Ф. қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр және бірыңғай реестрге тіркелді. Медеу аудандық ішкі істер басқармасының анықтау бөлімі қажетті сараптама жүргізетін болады", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Анықтама: 378-бап. Билік өкiлiн қорлау

1. Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау - бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет - үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. Билік өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. 

Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жерде көлігін тұраққа қойғаны үшін азамат Ф. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК айыппұл төлейді. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети