19 қаңтар 2015 11:39

Полиция Алматыдағы ірі жол апаты жайлы толық мәлімет берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Данияр Бозов ©Данияр Бозов

Алматы қалалық ішкі істер департаменті 18 қаңтар күні "Қазақфильм" ықшамауданында болған ірі жол апатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, жол апатынан 10 адам зардап шеккен, арасында үш бала бар. Ал автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасы салдарынан қолы мен аяғын сындырып алды.


Алматы қалалық ішкі істер департаменті 18 қаңтар күні "Қазақфильм" ықшамауданында болған ірі жол апатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, жол апатынан 10 адам зардап шеккен, арасында үш бала бар. Ал автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасы салдарынан қолы мен аяғын сындырып алды.

Мамандардың айтуынша, Есеналиев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан №31 Mercedes маркалы автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, сол бағытта кетіп бара жатқан Hyundai көлігіне соғылды. Соңынан жолаушылары бар автобус 44 жастағы ер адамды қағып кетті, ол жарақат алғанымен емханаға жатқызылған жоқ. "Бұдан әрі автобус бірнеше көлікпен соқтығысты. Автобус МAN маркалы жүк көлігіне соғылғаннан кейін ғана тоқтады. Біздің алдын ала мәліметтеріміз бойынша, жол апатына автобустан өзге автотұрақта тұрған сегіз автокөлік пен жол-жөнекей кетіп бара жатқан үш жеңіл көлік қатысты", - деп хабарлады ішкі істер департаментінің мамандары. 

Ірі жол апаты туралы факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ведомство мәліметтері бойынша, жол-көлік оқиғасына қатысты алдын ала қылмысты саралау жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлімі бойынша жүргізіледі, яғни: "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы". "Өндіріс барысында тиісті сараптамалар тағайындалады", - деп хабарлады ішкі істер департаментіндегілер. Бұған дейін жол апатынан жүкті әйелдің жапа шеккені анықталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети