Полиция Астанада табылған кішкентай қыздың туыстарын Қазақстан бойынша іздестіріп жатыр

14 Тамыз 2017, 10:03
0
Полиция Астанада табылған кішкентай қыздың туыстарын Қазақстан бойынша іздестіріп жатыр -

Астанада табылған кішкентай қыздың туыстарын полиция Қазақстан бойынша іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД өкілдері елордада табылған қыз жайлы мәлімет Қазақстанның барлық полиция бөліміне жіберілгенін хабарлады.

Еске салайық, Астана полицейлері 10 тамызда түнгі бір шамасында Қабанбай батыр даңғылында жалғыз жүрген жерінен тапқан еді. Қазіргі кезде қыз Астананың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында.

Қыздың жасы шамамен 3-4-те, есімі Милана екенін айтады. Бойы 115-120 сантиметр, шашы қысқа, сары, қой көзді. Үстіне қызыл күртке, сары жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар және аяғына қызғылт түсті мокасин киген. 

Қызды таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71 60 22, 8 778 917 05 78.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай