28 қараша 2015 14:00

Полиция Астанада видеоға түсіп қалған төбелесқой жүргізушілерді іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Астанада видеоға түсіп қалған төбелесқой жүргізушілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Полиция Астанада видеоға түсіп қалған төбелесқой жүргізушілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Астананың ІІД мәліметінше, Есіл аудандық ішкі істер басқармасына елорданың 23 жастағы тұрғыны арыз жазған. Ол арызында 24 қарашада шамамен сағат 08.00-де Орынбор көшесінің бойында Тоyоtа Prado көлігінің белгісіз жүргізушісінің өз автомобилін бүлдіргенін айтқан. 

"Бұл дерек ҚР ҚК 202-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркелді. Жүргізушіні анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, жол-қозғалысы ережесін бұзу дерегі қаралып, әкімшілік әрекет ету шаралары жүргізіледі. 

Еске сала кетейік, Астанада жол талғамайтын екі көліктің жүргізушісінің бір-бірімен төбелесіп қалғаны видеотіркегіш камерасына түсіп қалған болатын. Ролик авторының айтуынша, қара түсті Toyota Land Cruiser-200 автомобилінің жүргізушісі ақ түсті Toyota Prado көлігіне жол бермеген. 

Бұл уақытта қара түсті көліктің жүргізушісі автомобилін жолдың ортасында тоқтатып, ақ түсті көліктің жүргізушісіне барған. Соңғысы есіктің ашпағандықтан ол терезені ұра бастайды. Бұдан кейін ол терезесіне түкіріп, алдыңғы фарасына соққы жасайды да кетіп қалады. Алайда, қазіргі уақытта бұл видеоны авторы өшіріп тастады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети