24 желтоқсан 2015 14:09

Полиция бөлімшесінде өзін бауыздаған жігіт туралы оқиғаның жантүршіктірер мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ақтөбеде полиция бөлімшесінде өзін бауыздаған жігіт туралы оқиғаның жантүршіктірер жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Ақтөбеде полиция бөлімшесінде өзін бауыздаған жігіт туралы оқиғаның жантүршіктірер жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде 22 жастағы жігіттің полиция ғимаратында өзін бауыздап тастағаны хабарланған болатын. Осыдан кейін жедел жәрдем қызметкерлері басылым тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Ол тергеушінің бөлмесінде терезені шағып, әйнекпен өзін анасының көзінше бауыздаған. 

Ал полициядағылар өзіне қол салған жігіттің кісі өлтіру бойынша күдікті болғанын айтады. Қалалық ІІБ басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Атабаевтың айтуынша, 16 желтоқсанда Құрмыштағы жеке үйлердің бірінде жастардың кеші болып жатқан. Сол кеште екі жігіт ерегесіп, салдарынан пышақ жарақатынан 19 жастағы жігіт қаза табады. Осыдан кейін қылмыс жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғыны Ақтан Жұмекенов ұсталады.

Сонымен қатар, жігіттің осыған дейін тонау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ол шартты түрде бостандыққа шыққан екен. Полицейлердің айтуынша, 18 желтоқсанда оның қатысуымен оқиға орнында тергеу зерттеуі жүргізілген. Күдікті марқұмды қалай өлтіргенін манекен арқылы көрсетіпті. Мұнымен қатар, жігітті күдіктінің өлтіргені жайлы көрсетпе берген куәгерлер де бар. 

"Ол видеокамераның алдында тұрып, адвокатының көзінше кісі өлтіргенін мойындады. Оны қарауылшы жасақ Ілек аудандық полициясындағы тергеушінің бөлмесіне әкелді. Тергеушінің екінші қабаттағы кабинетінде одан жауап алынғаннан кейін қолынан кісен шешілді. Ол киімін ауыстырып алуы керек болған. Осы уақытта ұсталған азамат терезені шағып, әйнегімен өзінің тамағын орып жіберді. Оған өз күшімізбен жәрдем көрсеттік, бірақ ол қан жоғалтудан қайтыс болды. Осы оқиғаның барлығы жақын туысының (анасының - Авт) және адвокатының көзінше болды. Қазіргі уақытта ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Олар болған оқиғада қызметкерлердің кінәсінің бар-жоғын анықтайды", - деді қалалық ІІБ басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Атабаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети