06 маусым 2018 16:38

Полиция Жаңқош Тұраровқа жасалған шабуылдың мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровтың қатысы бар оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровтың қатысы бар оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл дерек 25 мамырда Алматының Алмалы ауданында болған. Бірнеше ер адамның травматикалық қару қолданылған жанжал салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Мұның алдында Алматыда болған оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланған еді. "Алматыдағы мекемелердің бірінде қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраровқа шабуыл жасалды. Белгісіз біреулер спортшылармен жанжал шығарған, кейін тапаншадан оқ атқан", - делінген еді видеоның сипаттамасында. 

Ал өз кезегінде Жаңқош Тұраров Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын. Оның айтуынша, оқиға бір апта бұрын болған.

"Келіспеушіліктен болған оқиға. Оқиға шамамен бір апта бұрын Алматыда болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жағдайым жақсы. Оның қолында қандай тапаншаның болғаны белгісіз. Полиция бұл іспен айналысып, қылмыстық іс "Бұзақылық" бабы бойынша жүргізілді. Бұзақылық екі тараптан да болды", - деп пікір білдірді Жаңқош Тұраров. 

Айта кетейік, Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокста 22 рет жеңіске жеткен, оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети