Полиция Қаскелеңде жолға таласқан Mercedes пен BMW жүргізушілерін іздестіріп жатыр

28 Тамыз 2017, 10:27
0
Полиция Қаскелеңде жолға таласқан Mercedes пен BMW жүргізушілерін іздестіріп жатыр - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Полиция Mercedes пен BMW жүргізушілерінің жолға таласып жарысқаны түсірілген видеоға қатысты түсінік берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Видеоның Қаскелеңде түсірілгені белгілі болды.

"Интернетте жарияланған видены зерттедік. Видеоның Қаскелеңде Абылай хан көшесінде түсірілгені анықталды. Бірақ оның қашан түсірілгені және көлік тізгінінде кімнің болғанын әлі анықтай алмадық. Жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама таратылды. Мемлекеттік нөмірі көрініп тұрған BMW көлігінің Жамбыл облысында тіркелгенін анықтадық. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметіне де бағыттама таратылды", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жамбыл облысының полицейлерінің видеоны тексеріп жатқаны хабарлаған болатын. Видеода екі көлік жүргізушілерінің - Mercedes пен BMW жүргізушілерінің бір-біріне жол бермей тұрғаны көрінеді. Онымен қоса, олар бір-бірін бірнеше рет соғады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай