05 желтоқсан 2016 17:29

Полицияда Алматының орталығында болған түнгі төбелестің мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Полицияда Алматының орталығында болған түнгі төбелестің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға екі көліктің соқтығысуынан басталғаны белгілі болды.


Полицияда Алматының орталығында болған түнгі төбелестің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға екі көліктің соқтығысуынан басталғаны белгілі болды.

"Төбелес жол-көлік оқиғасынан кейін болған. Екі көлік соқтығысқан, алдын ала мәлімет бойынша көліктердің бірінде отырған бала зардап шекті. Қолда бар ақпарат бойынша, баланың әкесі көліктен шығып, екінші көлік жүргізушісін ұра бастаған. Төбелескен екі адам, қалғандары ажыратқан. Хабарлама уақытында келіп түсті, патрульдік полиция экипажы оқиға орнына барып, екі жақты да АІІБ-ге жеткізді", - деп мәлімдеді Алматының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, кейін төбелеске қатысқандар бір-біріне арызы жоқ екен. Төбелескен адамдар зардап шекпеген. "Төбелес уақытында тоқтатылды", - деп атап өтті Әзірбек. 

Мұның алдында куәгерлер төбелестің видеосын әлеуметтік желіге орналастырған. Куәгер болған Алматы тұрғыны Гүлжан Қалиеваның сөзінше, төбелес Байтұрсынов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында түнгі 03.00-де болған

"Басында көліктер соқтығысқандай дыбыс естілді. Сосын әйел адамның айғайы естілді. Бұл жарты сағатқа созылды. Сосын ер адамдар бір-бірімен төбелесе бастады. Ол жерде жиыны 15 адамдай, оның ішінде ерлер, әйелдер, тіпті балалар да бар. Қатты айғайлады", - деген еді куәгер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети