26 маусым 2017 13:34

Полициядағылар Ақтөбеде болған жаппай төбелес туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ақтөбе облыстық ІІД Instagram желісіндегі aktobe_zello паблигінде жарияланған мектеп түлектерінің төбелесі делінген видеоға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, видеода түлектер емес, той қонақтары төбелескен. 


Ақтөбе облыстық ІІД Instagram желісіндегі aktobe_zello паблигінде жарияланған мектеп түлектерінің төбелесі делінген видеоға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, видеода түлектер емес, той қонақтары төбелескен. 

"Той біткеннен кейін жастар тобы сыртқа шығып, тойхананың жанындағы караоке-клубтың қонақтарымен жанжалдасып, төбелесе кеткен. Ақтөбе қалалық ІІБ Заводской полиция бөлімшесіне осы оқиғаның үш қатысушысы жеткізілген. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді ІІД өкілдері. 

Еске салайық, әлеуметтік желіде Ақтөбеде болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды. "Түлектердің жаппай төбелесі болды. Барлық жігіттерді полицейлердің көлігімен алып кетті. Тургенев көшесі 25.06.2017", - деп жазылған еді видеоның сипаттамасында.

Кадрлардан костюм киген жігіттердің бір-бірін итеріп, ұрып жатқанын көруге болады. Қыздардың даусы естіледі. Оқиға орнына бірнеше патрульдік машина келген. 

Ал кейбір пікір жазғандардың айтуынша, ролик авторы түлектердің төбелесін тойдағы жағажыртыспен шатастырып алған. Себебі қолданушылар төбелес кезінде ақ көйлек киген қалыңдықты байқаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети