26 қазан 2018 11:24

Пойызда жанжал шығарған жолаушыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Пойызда жанжал шығарған жолаушыға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Пойызда жанжал шығарған жолаушыға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қазанда "Алматы- Астана" бағытындағы пойыздан 20-вагоннан 32 жастағы жолаушының шығарылғаны хабарланған болатын.

"Тексеріс барысында ер адамның ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Осыған байланысты Көліктегі полиция депаратментіндегілер қоғамдық жерде алкоголь ішкені үшін әкімшілік іс қозғап, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети