Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Прайм Плазаға" жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған хабар берген адам ұсталды

21 Тамыз 2015, 15:14
0
© Денис Стрелков
© Денис Стрелков

"Прайм Плаза" сауда және ойын-сауық орталығына жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған хабарлама берген адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Қоңыраудан кейін сауда және ойын-сауық орталығынан келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Күдікті Жамбыл облысының 28 жастағы тумасы болып шықты. ІІД мәліметінше, ер адам осыған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Ол кінәсін ойындады. Енді ол ҚР ҚК 273-бабы "Террорлық акт туралы жалған хабар беру" бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, ІІД мәліметінше, 21 тамызда тағы бір адам Алматыдағы автокөлік жөндейтін орындардың біріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлаған. Телефон терроризміне барды деген күдікпен ер адам ұсталды. Оның мас болғаны анықталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұған дейін де сотты болған.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай