07 қазан 2014 15:54

Приозерскіде әскери бөлімнің взвод командирі соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

ҚР Қорғаныс министрлігінің № 44841 әскери бөлімінің материалдық-техникалық взводының командирі соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әскери бөлім Қарағанды облысының Приозерск қаласында орналасқан.


ҚР Қорғаныс министрлігінің № 44841 әскери бөлімінің материалдық-техникалық взводының командирі соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әскери бөлім Қарағанды облысының Приозерск қаласында орналасқан.

Төтенше оқиға 6 қазан күні болды. Облыстық "Жедел медициналық жәрдем" станциясы диспетчерлік қызметінің мәліметінше, әскери бөлім қызметкері түрлі жарақатпен орталық қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. "Зардап шеккен 31 жастағы взвод командирі жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, басында көп қанды ісік пайда болған. Ол ауруханаға басқа бір әскери қызметшінің пәтерінен жеткізілді", - деп хабарлады диспетчерлік қызмет өкілдері.

№ 44841 әскери бөлімнің кезекші бөлімі өз әріптестерінің жансақтау бөліміне жатқызылғанын растады, олардың мәліметінше, "Адам денсаулығына орташа ауыр деңгейде қасақана зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Әскери бөлім мамандары құқық қорғау органдарымен бірге пәтер қожайынының қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін ішкі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети