18 қыркүйек 2014 19:00

Прокуратура сотталғандарды ұрып-соғу дерегін жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Павлодардағы колонияда сотталғандарды ешкім ұрып-соққан жоқ - бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін 15 қыркүйек күні Павлодардағы колонияға сотталғандардың наразы туыстарының жиналғаны хабарланған еді.


Павлодардағы колонияда сотталғандарды ешкім ұрып-соққан жоқ - бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін 15 қыркүйек күні Павлодардағы колонияға сотталғандардың наразы туыстарының жиналғаны хабарланған еді.

Павлодар прокурорлары сотталғандардың туыстары тәртіпсіздік ұйымдастырған түрмеден ешқандай заңбұзушылық анықтаған жоқ. "Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 арнайы мекемесінің тұрғынжай аумағы мен өндірістік аймағына тінту жүргізген кезде сотталғандар тарапынан әкімшіліктің заңды талаптарына жаппай бағынбау актілері байқалған жоқ, сонымен бірге, сотталғандарға қатысты арнайы құралдарды қолдану деректері де анықталған жоқ", - деді прокуратура өкілдері. Тінту барысында тыйым салынған заттар - ұялы телефондар мен қолдан жасалған пышақтар тәркіленген.

"Сотталғандардың туыстары тексеру шаралары кезінде наразылық білдіріп, сыртқы қоршаудың кірпіштерін қиратты, түзеу мекемесіне кіреберістегі темір қақпаны сындырды. Содан кейін олар әкімшілік полиция қызметкерлеріне тастар мен кірпіштерді лақтырды", - дейді прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні сотталғандардың туыстары Павлодардағы колонияның аумағына баса-көктеп кіруге әрекеттенген болатын. Олардың айтуынша, таңертең түрмеге әскерилер мінген он жүк көлігі кіріп, жаза өтеушілерді ұра бастаған. Куәгерлер оқиға орнына "жедел жәрдемнің" бірнеше көлігі мен арнайы жасақ келгенін де айтты.

Ал қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары колонияда әскерилердің жоспарлы тексеру жүргізгенін мәлімдеді. Олар арнайы мекеме аумағындағы тәртіпсіздікке жаза өтеушілердің туыстарын кінәлады. Оқиға орнынан үш адам полицияға жеткізілді. Ұсталғандарға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Келесі күні сотталғандардың туыстары облыстық әкімдік алдында санкцияланбаған митинг өткізді. Адамдар арнайы мекеме аймағына әскерилердің кіргізілу себебін түсіндіруді және сотталған туыстарымен кездестіруді талап етті. Келіссөздердің нәтижесінде Павлодардағы колония жетекшілігі сотталғандармен екі минуттық кездесу ұйымдастыруға уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети