Ірі жол апатынан қаза болғандардың үшеуі - полицей

31 Тамыз 2014, 14:29
0
Ірі жол апатынан қаза болғандардың үшеуі - полицей - ©imenno.ru
©imenno.ru

Қарағанды облысында жол-көлік апатынан жанып кеткен жеті адамның үшеуінің жеке бастары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Шет ауданы әкімшілік полиция бөліміне сілтеме жасап. 

"BMW көлігімен бетпе-бет соғысуынан салдарынан өртеніп кеткен Mercedes Benz автокөлігінің ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының үш қызметкері болған. Қаза болған 1977, 1985 және 1989 жылы туылған азаматтар қызмет бабындағы іссапармен Қарағандыға бара жатқан", - дейді Қарағанды облысындағы жол-көлік апаты туралы полиция өкілдері. 

Қарағанды облысындағы жол-көлік апатыта байланысты "Екі не одан да көп адамның өліміне алып келген жол жүру ережесін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметімен хабарласа алмадық.  Қарағанды облысындағы жол-көлік апатында қаза болған төрт адамның жеке бастары анықталыр жатыр. Әзірше BMW автокөлігінің ОҚО азаматының атында екені белгілі. 

Еске салайық, 25 тамыз күні кешке Қарағанды-Балқаш трассасымен Шет ауданын басып өткен аты-жөні әлі анықталып үлгермеген BMW көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Mercedes Benz көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те түгі қалмай жанып кетті. Екі көліктен жеті адамның мәйіті шығарылған. Қарағанды облысындағы жол-көлік апатында қаза болған адамдардың барлығының жеке бастары мен жас мөлшерлері әлі толық анықталмады. Өйткені, мәйіттер түгел жанып кеткен. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай