12 мамыр 2017 15:56

Ірі жол апатынан зардап шеккен прокуратура қызметкерінің 2 жасар баласы жансақтау бөлімінен шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

"Гелендваген" тізгінінде отырып, автобуспен соғысқан прокуратура қызметкерінің екі жасар баласы жансақтау бөлімінен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Гелендваген" тізгінінде отырып, автобуспен соғысқан прокуратура қызметкерінің екі жасар баласы жансақтау бөлімінен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жағдайы жақсарды, бүгін таңғы тексерістен кейін бала жансақтау бөлімінен балалар ауруханасының нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Екі жасар бала бассүйек-миының жабық жарақатын алып, миы зақымдалған", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабаев.

Осыған дейін Алматыда ірі жол апатын жасаған прокуратура қызметкері мәлімдеме жасаған болатын.

Қазіргі уақытта Алматы полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (35 000 теңге) айыппұл салуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатыны көрсетілген.

"Cонымен қатар, ішкі тергеу жұмыстары басталды және біз осы жол-көлік оқиғасына қатысты әділ зерттеу жүргіземіз деп кепіл береміз", - деген еді бас прокуратурадағылар.

Ал осыған дейін автобуспен соғысқан Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкері болғаны анықталған еді. "Шынымен де Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкерлерінің бірі болған, ол 2017 жылдың 2 мамырынан бастап еңбек демалысында жүрген", - деп хабарлаған еді Алматы прокуратурасындағылар. Сондай-ақ, кейінірек Gelandewagen мен автобус соғысқан сәт түсірілген видео пайда болған еді.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі жасар қыз, қалалық құзырлы органның мәліметінше, жол талғамайтын көліктің салонында болған. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған, ол кеуде тұсынан жарақат алып, бассүйек миы зақымдалған. 

Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 23 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети