01 наурыз 2015 13:41

Ресейде арыстан бір адамды талап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото wpapers.ru сайтынан Фото wpapers.ru сайтынан

Ресейдің Белгород қаласындағы хайуанаттар бағында бір мас ер адамды арыстан талап өлтірді, - деп хабарлайды ТАСС


Ресейдің Белгород қаласындағы хайуанаттар бағында бір мас ер адамды арыстан талап өлтірді, - деп хабарлайды ТАСС

Белгород облысы ІІМ бас басқармасы мамандарының хабарлауынша, 1962 жылы туған жергілікті тұрғын алкогольден мас күйде хайуанаттар бағының қоршауынан аттап өтіп, ұрғашы арыстанның торына жақындап барған. Сол кезде жыртқыш тап береді.

"Ресей ішкі істер министрлігінің Белгород қаласы бойынша басқармасының кезекші бөліміне қалалық хайуанаттар бағы жұмысшыснан хабарлама келіп түсті. Ол арыстан торының жанынан бір ер адамның әбден таланған мәйіті табылғанын хабарлады", - делінген ішкі істер бас басқармасының хабарламасында.

Қазір бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Сахалин облысында үш ер адамды аюдың талап өлтіргені хабарланған еді. Көпір құрылысымен айналысып жатқан компанияның бес қызметкері орманда кездескен қонжықтарды ұялы телефонға түсіріп жатқан кезде олардың енесі кездейсоқ атып шығып, жұмысшыларға ұмтылған. Аюдың тырнағынан екі адам ғана аман қалды. Кірекей жұмысшылардың итін де жеп қойған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети