25 тамыз 2015 | 12:23

Ресейде Қазақстан азаматы ұшыраған жол апатында 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 74.mvd.ru © 74.mvd.ru

24 тамызда "Мәскеу-Челябинск" трассасынан 1623 шақырым қашықтықта ірі жол апаты болды. Апаттың салдарынан 6 адам қаза тапты, екі адам жарақат алып, көлік түгелдей өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Миасс Online" Челябинск облысы ІІД ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

24 тамызда "Мәскеу-Челябинск" трассасынан 1623 шақырым қашықтықта ірі жол апаты болды. Апаттың салдарынан 6 адам қаза тапты, екі адам жарақат алып, көлік түгелдей өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Миасс Online" Челябинск облысы ІІД ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Daf жүк көлігінің жүргізушісі, 1966 жылғы ер адам төмен түсіп келе жатып тізгінге ие бола алмай, KIA Carens және Honda Freed авомобильдерімен соқтығысқан. Жеңіл көліктердің рулінде Челябинсктің 1992 жылғы тұрғыны және Краснояр аймағының 1976 жылғы тұрғыны болғаны анықтады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан KIA және Honda жолдан ұшып кетті.


© 74.mvd.ru

Осыдан кейін Daf жүк көлігі ВАЗ-2115, Mitsubishi Pajero және Ford Focus автомобильдерімен соқтығысты. Бүл төрт автомобилі де Volvo жүк көлігіне келіп соғады. Volvo тізгінінде Қазақстан Республикасының 1986 жылғы азаматы болғаны анықталды.


© 74.mvd.ru

Соқтығысқаннан кейін автомобильдерді өрт шала бастады. Жеңіл автокөліктер түгелдей өртеніп кетті. Ақпарат бойынша, жол апатынан 6 адам қаза тапты: олардың төртеуі ВАЗ-2115 көлігінің жолаушылары, екеуі Mitsubishi Pajero автомобилінде болған. KIA жүргізушісі мен Honda жолаушысы ауруханаға жткізілді. Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына Daf автокөлігінің тежегішінің істен шығуы себеп болған.


© 74.mvd.ru 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети