05 тамыз 2015 10:09

Ресейде қазақстандықтың жол апатына тап болған сәті камераға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© chelyabinsk.ru © chelyabinsk.ru

Челябинск облысында қазақстандық жүргізуші жол апатынан қаза тапты. Hyundai H1 шағын автобусы мен "ВАЗ-2108" автокөлігі 3 тамызда Увельски ауданында соқтығысып, ол сәт жолда кетіп бара жатқан көліктің видеотіркегішіне түсіп қалды, - деп хабарлайды chelyabinsk.ru порталы.

Апат Челябинск–Троицк автожолының 70-шақырымында болды. ІІМ Челябинск облысы бойынша басқарма баспасөз қызметінің мәліметінше, шағын автобустың рулінде отырған 60 жастағы қазақстандық жолдың қарсы бағытына шығып, 31 жастағы ресейлік тізгіндеген көлікпен соқтығысты.

"Жол апатының салдарынан екі жүргізуші де сол жерде қайтыс болды. Автокөлікте отырған 18 жастағы қыз түрлі жарақат алды", - делінген полиция таратқан хабарламада. Жедел-тергеу тобы жол апатының себептерін анықтап жатыр.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер бар!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети