05 қараша 2014 14:41

Ресейде мүгедек адам "жедел жәрдем" дәрігерлерін кепілге алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресейде "жедел жәрдем" дәрігерлері мүгедек адамның кепіліне алынды, - деп хабарлайды "Росбалт". БАҚ-тың мәліметінше, 49 жастағы ер адам шақыру бойынша келген екі фельдшер қызды гранатаны жарып жіберемін деп қорқытып, олардан өзін Волгоград қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен кездестіруді талап еткен. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген кезде мүгедек адам "жедел жәрдем" дәрігерлерін босатты. "Ол алдымен пәтерден фельдшерлердің бірі - 1993 жылы туған қызды шығарды, полицейлермен арадағы екі сағаттық келіссөздерден соң екінші фельдшер - 1989 жылы туған қызды босатты", - деп хабарлады ІІМ мамандары. Ер адам полицейлерге Ф-1 гранатасының муляжын берді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері түгел келген, соның ішінде, Ресей ІІМ "Камышинский" муниципаларалық бөлімінің басшысы да болды.

"Жедел жәрдем" дәрігерлерінің кепілге алынуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында Алматыда мүгедек адам өзін-өзі жарып жіберген болатын. 27 жастағы Роман Поздняков пышақ жарақатынан соң кемтар болып қалған. Ол жарылғыш затты досы Евгений Тюкачевтан алған. Тюкачевке жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети