22 қазан 2016 | 16:58

Ресейде тікұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде екі қазақстандық болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде тікұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде екі қазақстандық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде тікұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде екі қазақстандық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

Жайнақовтың айтуынша, қаза тапқан 19 жолаушының ішінде екі қазақстандық болған - Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тумалары. Олар "Спецстрой" компаниясының қызметкерлері болған екен.

Қазіргі уақытта Омскідегі Қазақстан консулдығы қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, мәйіттерді Қазақстанға жеткізу мәселелері шешілетін болады.

Айта кетейік, 21 қазанда Ресейдің Ямал-Ненец аумағында Ми-8 тікұшағы құлаған болатын. Апатқа ұшыраған тікұшақтың ішінде 22 адам болған - экипаждың үш мүшесі мен 19 жолаушы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети