11 қараша 2019 09:24

Рудный орталығында жасөспірім құдыққа құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінен Сурет Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Қостанай облысы Рудный қаласындағы орталық саябақта ашық тұрған құдыққа жасөспірім құлап кетті, - деп хабарлайды "Наша газета".


Қостанай облысы Рудный қаласындағы орталық саябақта ашық тұрған құдыққа жасөспірім құлап кетті, - деп хабарлайды "Наша газета".

Төтенше жағдай 9 қарашада шамамен 19:00-де көше қараңғы кезде болған. 15 жастағы жасөспірім "Достық" саябағында серуендеп жүрген. Оның құдыққа құлап кеткені туралы құтқарушыларға досы хабарлаған. 

Құдық едәуір терең болған - төрт метр. Ішінде су болған. Жасөспірімді арқанмен шығарған. Бала аса жарақат алмаған, алайда қатты тоңып қалған. Оны дереу қалалық орталық ауруханаға жеткізген, сосын ол жерден облыстық балалар ауруханасына ауыстырған. 

Құдықтың беті ұзақ уақыт бойы ашық тұрғаны тексеріліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети