20 қыркүйек 2016 11:51

Рудныйда белгісіз біреулер әйелдің үйін тонау үшін ерекше айла ойластырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Хорошое дело"/И. Стариков © "Хорошое дело"/И. Стариков

Рудный қаласында бір түнде әйелдің дүкенін өртеп, үйін тонап кеткен, - деп хабарлайды рудныйлық апталық "Хорошое дело" басылымы.


Рудный қаласында бір түнде әйелдің дүкенін өртеп, үйін тонап кеткен, - деп хабарлайды рудныйлық апталық "Хорошое дело" басылымы.

Қыркүйектің 18-нен 19-на қараған түні Рудныйда 50 лет Октября көшесінің 106-шы үйінде орналасқан "Айсберг" дүкені өртенген. Өрт сөндіру қызметіне 00:19-да хабар түскен, оқиға орнына үш арнайы техника мен жеке құрамның 11 адамы жұмылдырылған. Өрттің аумағы 35 шаршы метрді құраған, сөрелер мен тауар өртенген (азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары).

Өрт сөндіру қызметкерлері өрттің қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Бұл нұсқамен өртеніп кеткен "Айсберг" дүкенінің иесі Любовь Гельм де ұстанады, оның дәйектері де бар екен. 

"Біз дүкеннің ішінен өртенген матрасты таптық. Оны есіктен кіргізіп, өртеп жіберген. Дүкеннің терезелерін шаққан, ішіне тез өртенгіш заттарды лақтырған болуы мүмкін. Түн жарымында маған күзетші хабарласып, төтенше жағдай туралы хабарлады. Әрине мен дүкенге қарай бет алдым, - дейді жәбірленуші.


© И. Стариков

Сөйтсек, дүкеннің өртенуі алаңдатпа әрекет болған. Дүкеннің иесі оқиға орнына кеткен кезде, қаланың басқа бір шетінде, Гранитная көшесінде орналасқан үйіне ұры түскен. Үйден ақша, әшекей бұйымдарды, ішік, дубленка және тағы бірнеше күртешені ұрлаған. Ұрыларды үй иесінің ұлы үркітіп жіберген болуы мүмкін.

Гельм дүкенінің өртенгені және үйінің тоналғаны туралы Рудный ІІБ-не арыз жазған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети