16 маусым 2018 17:19

Рудныйдағы спорт алаңы үшін шыққан жанжалдың видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Рудныйдағы спорт алаңы үшін шыққан жанжалдың видеосы пайда болды. Оқиға жайлы оған қатысты балалардың бірінің анасы хабарлады, - деп жазады Alau.kz


Рудныйдағы спорт алаңы үшін шыққан жанжалдың видеосы пайда болды. Оқиға жайлы оған қатысты балалардың бірінің анасы хабарлады, - деп жазады Alau.kz

Әйел адам Instagram желісінде оқиғаның видеосын жариялаған. Видеоға қатысты жазылған пікір бойынша, баланың анасы полицияға арызданған. 

Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарьдің мәліметінше, 24 жастағы әйел мен 15 жастағы жасөспірім арасындағы жанжал 15 маусымда шамамен 19:00-де Рудныйда болған. Әйел адамның әрекетінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша құқықбұзушылық белгілері байқалады. Қазір мән-жайды полицейлер анықтап жатыр. 

Еске салайық, Қостанайда осындай саяжайдағы жанжал оған қатысты әйелдердің біріне айыппұл салумен аяқталған еді. Заманауи скейт-парк қалада бірнеше апта бұрын ғана пайда болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети