22 сәуір 2017 11:09

Румынияға бара жатқан қазақстандық жас шахматшылар аштықтан пластилиннен пицца жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Румынияға жарысқа бара жатқан қазақстандық жас шахматшылар аштықтан пластилиннен пицца жасаған. Бұл туралы балаларды алып бара жатқан Исатай Аңсат Facebook желісінде жазды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Румынияға жарысқа бара жатқан қазақстандық жас шахматшылар аштықтан пластилиннен пицца жасаған. Бұл туралы балаларды алып бара жатқан Исатай Аңсат Facebook желісінде жазды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалар отырған көлікті құтқарушылар қардан шығарып жатыр. Балалардың жағдайы жақсы. Оларға тамақ берілген.  

"Құрметті достар, шахматшылар құрамасымен қар құрсауында қалып қойған проблемамызға назар аударғандарыңыздың арқасында ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР-ның Молдавиядағы және Румыниядағы консулдығы көмектесіп жатыр, көптеген БАҚ осы мәселені дұрыс таратпаса, мәселе шешілмес те еді! Қар құрсауынан шығарылғаннан кейін балаларға сусын да сатып алып бере алмадық, себебі жергілікті дүкендер жергілікті валютада ақша сұрады, ал балалардың қолында еуро мен доллар ғана болды. Бірақ бұл әлемде жақсы адамдар баршылық, РОМПЕТРОЛ компаниясы азық-түлік, сусын салынған ондаған жәшік жеткізіп берді! Алла разы болғай! Істеріңіз алға бассын! Балалар мен ата-аналар бақытты болып, алғысын айтты! Қонақүйге аман-есен жетіп алдық та, біздің жағдайымызды тексеру үшін Молдавиядан келген консулдықтың қызметкерлеріне бардық. СІМ-нің балалар мәселесіне назар аударғаны қуантты!", - деп жазған ол видео жүктеді. 

Еске салайық, осыған дейін 25 қазақстандықтың Румынияға бара жатып, бораннан қар құрсауына түсіп қалғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети