19 сәуір 2018 13:34

Сабақ үстінде көз жұмған ақтөбелік оқушы қыз: Дәрігерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушы қыз сабақ үстінде әлсіреп, оған жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлерді 14 минут бойы күткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушы қыз сабақ үстінде әлсіреп, оған жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлерді 14 минут бойы күткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 cәуірде 2007 жылғы қыз сабақ үстінде әлсіреп, есінен танып қалды. Мектептегі медбикені шақырдық. Ол барлық қажетті медициналық көмекті көрсетті. Жедел жәрдемге де хабарластық. Жедел жәрдем 14 минут ішінде келді. Бірақ ол кезде қыз көз жұмған еді. Кардиореанимациялық көмек көрсетті, ол да көмектеспеді. Дәрігерлерді 18 рет шақыртты деген мәлімет шындыққа жанаспайды. 14 минут ішінде 4-5 қоңырау түскен, біз барлығын тексердік", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Светлана Есенаманованың айтуынша, қыздың жүрегі тоқтап қалған. Сондай-ақ, ол нақты, ресми диагноздың 27 сәуірде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін ғана белгілі болатынын айтты. 

Ведомство өкілдері жыл сайын көктемде оқушылардың медициналық тексерістен өтетіндерін айтты. Қыздың еш жері ауырмаған. 2016 жылдан бері емханаға бармаған. Мұны қыздың анасы да растап отыр. Әйелдің айтуынша, қызы ешқашан денсаулығына шағымданбаған. Таяуда тіпті комиссиядан өтіп, дәрігерлер оның бойынан күмәнді ештеңені де байқамаған. Ата-анасы енді бір ай ішінде өткізілетін сараптама қорытындысын күтіп отыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін ақтөбелік оқушы қыздың сабақ үстінде қайтыс болғаны хабарланған. Мұғалімдер жедел жәрдемге 18 рет қоңырау шалса да келмей қойған делінген еді сол кезде. Ересектер көшеден жедел жәрдем машинасын тоқтатып алған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети