19 шілде 2017 23:04

Сәбиін еденге лақтырған әйел күйеуі мен енесін кінәлап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәбиін еденге лақтырған әйел күйеуі мен енесінен кінәлап шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасының тілшісі.


Сәбиін еденге лақтырған әйел күйеуі мен енесінен кінәлап шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасының тілшісі.

Мұның алдында жұрттың жағасын ұстатқан көрініс әлеуметтік желі арқылы лезде тараған еді. Таспада ұялы телефонынан бас көтермеген келіншек жылап қоймаған сәбиін еденге атып ұрған. Бұл бейнероликтің кейіпкерлерін біздің тілшілер іздеп тапты. Қатты соққыдан нәрестенің денесі оңбай көгеріп қалған екен. Ал бар болған 7 айлық баласын ұрып өлтіре жаздаған келіншек бар кінәні өзімен бірге тұратын жігітке аударды.

Шырылдап қоймаған шақалақты еденге атып ұрған келіншек - 28 жастағы Марина Тюменцева көңілдесінің үйінде тұрады екен. Камераны көре сала алды артына қарамай қаша жөнелген ол ақыры баласын көрсетуге келісті.   

"Балаға түк те болған жоқ. Сап-сау. Мен қатемді түсіндім. Балаларымнан кешірім сұраймын. Енді қайталанбайды. Мен оларды жақсы көремін", - дейді ол.

Әйел бала аман дегенімен, қатты соққы алған сәбидің денесі оңбай көгеріп қалған. Шақалақ қана емес, тағы 5 жасар қызының да қатты шошынғаны көрініп тұр. Таспада келіншек оған қол жұмсамаса да балағаттаған болатын. Өзіне маза бермеген бала-шағасына қатыгездік танытқан әйелдің өзі енді жұрттан кешірім сұрап, ботадай боздап отыр.

Айтуынша, бірге тұратын жігіті мен оның анасы қосылып қыздары мен өзіне күн бермей жатқан көрінеді. Салдарынан, үйінде күнде төбелес екен. Басқа барар жері, басар тауы жоқ әйел ақыры ұрысқа шыдамай, өшін 7 айлық баладан алған.    

"Күнде "кет" деп қуалайды да жатады. Ал менің баратын жерім жоқ. Өзім жетімдер үйінде өстім. Олардың қыспағына қыспағына шыдай алмай, қызымды байқамай ұрып жібердім", - дейді Марина Тюменцева.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, 7 айлық Ираданың да, 5 жасар Таисияның да киерге киімдері жоқ екен. Тамағы бірде тоқ, бірде аш. Бүлдіршіндердің жақын арада тіпті далада қаңғып қалатын түрі бар. Өйткені бірге тұрып жатқан жігіт әрі жантүршігерлік бейнероликтің авторы көңілдесін кетсін деп отыр.   

"Видеоға түсірген себебім, қызды алып кетсін дедім. Білмеймін, кім болса да ана қыздың маған керегі жоқ. Көзін құртсын! Осымен әңгіме бітті!", - деді күйеуі Константин Овсянников.

Ал баласын аяусыз соққыға жыққан 28 жастағы Марина Тюменцеваның ісімен құқық қорғау органдары айналысып жатыр (Дереккөз: КТК).

"Талғар аудандық ІІБ ювенал полициясының қызметкерлері видеодағы әйелді анықтады. Ол Кеңдала ауылының 1989 жылғы тұрғыны. Оқиға бірнеше күн бұрын болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіні лайықты жазалау бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлаған еді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, безбүйрек ананың видеоға түсірілген қылығы Интернет қолданушыларын ашуландырған еді. Кадрлардан ашуланған әйелдің жылап жатқан сәбиін видеоға түсіріп тұрған ер адамның көзінше еденге лақтырып жібергенін көруге болады. Осы кезде ер адам "Енді менің дәлелім бар" дейді.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!


Ролик Вконтакте желісіндегі "Я очевидец" тобында жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети