17 желтоқсан 2019 12:12

Самара-Ташкент тасжолында қырғызстандықтар отырған автобус тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Самара-Ташкент тасжолында шетелдіктер отырған автобус тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Самара-Ташкент тасжолында шетелдіктер отырған автобус тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, Қырғызстанның 42 азаматы отырған автобус Қырғызстаннан Мәскеуге бара жатқан. Бір сәтте автобус бұзылып, жүргізуші жолдың шетіне тоқтауға мәжбүр болған.

"Республикалық маңызы бар тасжолдарға қызмет ету жөніндегі патрульдік полицияның жасағы, полиция лейтенанты Бекзат Сисенбаев пен полиция сержанты Сәкен Жамбылов жолдың шетінде тұрған автобусты байқаған. Содан автобустың бұзылғаны анықталды. Полицейлер автобусты жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктердің бірімен жеткізіп, жүргізушіге автобусты жөндеуге көмектесті", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында да Ақтөбеде осыған ұқсас жағдай болған еді. Шетелдіктер мінген автобус бұзылып қалған болатын. Салонда 54 адам, олардың ішінде 50 Өзбекстан, 4 Тәжікстан азаматы болған. Автобус Пермь қаласынан Өзбекстанға бара жатқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети