Қазақстан азаматы Санкт-Петербургте 13-қабаттан құлап қаза тапты, - деп хабарлайды "Фонтанка" басылымы.
Қазақстан азаматы Санкт-Петербургте 13-қабаттан құлап қаза тапты, - деп хабарлайды "Фонтанка" басылымы.
Ер адам 25 наурызда күндізгі уақытта тұрғын үйден құлап кеткен. Полицейлер ер адамның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. Басылымның мәліметінше, ер адамның денесі сағат 14.25-те Матрос Железняк көшесі, 57 үйдің маңынан табылған.
Тексеріс нәтижелері қаза тапқан ер адамның Қазақстанның 32 жастағы азаматы екенін көрсетті. Басылымның мәліметінше, ер адам жалдап тұрған 13-қабаттағы пәтерінен құлап кеткен болуы мүмкін.
Қазақстандықтың өлімнің себебін сот-медициналық сарапшылар анықтайтын болады. Тексеріс жүргізіліп жатыр.