26 наурыз 2017 15:43

Санкт-Петербургте Қазақстан азаматы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pravda.ru © pravda.ru

Қазақстан азаматы Санкт-Петербургте 13-қабаттан құлап қаза тапты, - деп хабарлайды "Фонтанка" басылымы.


Қазақстан азаматы Санкт-Петербургте 13-қабаттан құлап қаза тапты, - деп хабарлайды "Фонтанка" басылымы.

Ер адам 25 наурызда күндізгі уақытта тұрғын үйден құлап кеткен. Полицейлер ер адамның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. Басылымның мәліметінше, ер адамның денесі сағат 14.25-те Матрос Железняк көшесі, 57 үйдің маңынан табылған.

Тексеріс нәтижелері қаза тапқан ер адамның Қазақстанның 32 жастағы азаматы екенін көрсетті. Басылымның мәліметінше, ер адам жалдап тұрған 13-қабаттағы пәтерінен құлап кеткен болуы мүмкін.

Қазақстандықтың өлімнің себебін сот-медициналық сарапшылар анықтайтын болады. Тексеріс жүргізіліп жатыр.



Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети