19 мамыр 2015 10:53

Сараптама Алматы балабақшасындағы 2 жасар қыздан зорлану белгілерін таппады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Сараптама Алматы балабақшасындағы 2 жасар қыздан зорлану белгілерін таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.


Сараптама Алматы балабақшасындағы 2 жасар қыздан зорлану белгілерін таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

"Сот-медициналық сараптама барысында бала толық тексеруден өтті. Оның денесінен зақымдану белгілері табылған жоқ. Жыныс мүшелеріне де ешқандай зақым келмеген. Қыздық перденің анатомиялық бүтіндіндігі де бұзылмаған", - деді  Алматы қаласы ІІД басшысы Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, полиция балабақшадағы камералардың жазбаларын да қарап шықты. "Зорлау белгілері табылмады. Дегенмен, балабақша қызметкерлерінен жауап алу жалғасып жатыр", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2 жасар қыздың анасы балабақша қызметкерлерін қызын зорлады деп айыптаған болатын. Балабақша басшысының айтуынша, қыз бөбектерге арналған топқа барып жүрген. 6 мамыр күні анасы қызын балабақшадан алып кетеді. Келесі күні ол жедел-жәрдем шақырады. Дәрігерлер қызда зорлану белгілерінің бар екенін айтады. Әйел полицияға арыз жазып, сот-медициналық сараптамасын жүргізуді сұрайды.

"7 мамыр күні маған полициядан хабарласып, зорлау бойынша шағым келіп түскенін айтты. Кішкентай қыз қасына келген ер адам туралы шағым айтса керек. (...) Біз полицейлерге барлық бөлмеде орналасқан видеокамераның жазбаларын тапсырдық. Әзірше тергеу амалдары жүргізіліп жатқан жоқ. Балабақшада мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Ол күні барлығымыз жұмыста болдық. Бізде 4 ер адам жұмыс істейді. Олардың екеуі - қарауыл, біреуі - бағбан, тағы біреуі - музыкант. Анасы қызды әкеліп көрсеткен кезде бүлдіршін қызметкерлердің ешқайсысын таныған жоқ ", - деді Керімова. Алматы қаласы ІІД балабақшада зорлау туралы шағымның түскенін растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети