16 сәуір 2014 11:32

Сарбаз граната жарылысынан жараланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қарағанды гарнизонының әскери прокуратурасы оқу-жаттығу шарасы кезінде болған төтенше оқиғаға байланысты тергеуалды тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".


Қарағанды гарнизонының әскери прокуратурасы оқу-жаттығу шарасы кезінде болған төтенше оқиғаға байланысты тергеуалды тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Әскери прокуратураның мәліметінше, 15 сәуір күні Қарабас елді мекенінде ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитетіне қарасты №5451 әскери бөлімнің оқу орталығында оқу-жаттығу шарасы кезінде екінші жедел әрекет ету батальонының 1990 жылы туған сарбазы жарақат алған. "Граната окопқа түсіп, жарылған. Әскери қызметші бел тұсынан жарақат алды. Оның айтуынша, ол гранатаны лақтырған кезде жарылғыш зат жеңіне ілініп қалған", - дейді Қарағанды гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдері.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети