Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Сарбаз сүйегін әкеле жатқан әскерилер апатқа ұшырады

30 Маусым 2014, 17:14
0
©Auto43.ru
©Auto43.ru

Әскерде қайтыс болған сарбаздың сүйегін Көкшетаудан Қызылордаға апара жатқан әскери қызметшілер тобы жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Алдын ала мәлімет бойынша шағын автобус жүргізушісі рульде қалғып кеткен. Жол ауыр болғанға ұқсайды, бұған дейін топ екі тәулік бойы жолсызбен жүрген. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, басқаларының жағдайы жақсы. Олардың бірнеше жерден сүйегі сынған.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. Сарбаздың мәйіті Қызылордада туыстарына берілді. Әскери бөлімде оның өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр. 

Мамыр айында Қызылорда облысында жол апатынан 10 адам қайтыс болған еді. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолында шағын автобус Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасына шағын автобустың жүргізушісі кінәлі, бірақ куәгерлер оқиғаға екінші көлік жүргізушісінің себепкер екенін айтады.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай